Тұрғындар сауалдарына жауап берді
Тұрғындар сауалдарына жауап берді
389
оқылды
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысы Стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек пен облыстық Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев онлайн-офлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауды партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары По­лат Тұрсынбаев жүргізді. Басқарма бас­шы­лары қабылдауға алдын ала жазылған аза­маттардың өтініштерін тыңдады. Екі бас­қарманың да негізгі міндеттеріне сай кел­мейтіндіктен партияның назарына алы­нып, әлеуметтік салаға жауапты ме­ке­мелерге жолданатын болды. Тікелей эфир барысында жастардың жұ­мыссыздық деңгейін төмендету, бас­пана мен жалақы мәселелері, елді ме­кен­дердегі инфрақұрылым, секілді тағы да басқа сұрақтар қойылды. Басқарма бас­шылары барлық сауалдарға жауап бе­ріп, өздерінің құзырына жатпайтын мә­селелерді атап, жауапты мекемелерге жү­гіну керегін түсіндірді. Осы орайда пар­тия филиалы төрағасының орын­ба­сары П.Тұрсынбаев барлық өтініштер мен сауалдар партияның назарына алы­на­тынын айтты. Дегенмен салаға қатысты сұрақтарға то­лыққанды жауап берілді. Мәселен, Түл­кібас ауданындағы мектеп құры­лыс­тарын күрделі жөндеуден өткізу, жаңа мә­дени нысандар салу жайлы сұраққа об­лыстық Стратегия және эконо­ми­ка­лық даму басқармасының басшысы Қ.Қайып­бек биыл облыста мектеп құры­лысы, жаңа мәдени нысандар соғу, инф­рақұрылым, жол салу мәселелері бойын­ша республикалық бюджетке ұсы­ныстар әзірленіп жатқанын мә­лім­деді. – Облыста 2019 жылдан бері «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылып, көп­те­ген нысандарға күрделі жөндеу жұ­мыс­­тары жүргізіліп келеді. Биылдың өзін­­де 8 нысанды қамту жоспарланған. Өңір бойынша жалпы 26 мектепті күр­делі жөндеуден өткізуді қарастырудамыз. Бар­лық ұсыныстардың тізбесін қа­лып­тастырып, республикалық бюджеттен қар­жы бөлуге ұсыныс енгізу барысында­мыз, – деді Қ.Әбдіразақұлы. Партияның облыстық филиалы әкім­дер, мемлекеттік орган басшы­ла­ры­­мен тұрғындарды жүздестіріп, көптеген мә­се­ленің түйінін шешуге ықпал етіп ке­леді. Атап өтерлігі, 2021 жылы қоғам­дық қабылдау бөлмелерінде 3 095 қа­был­дау жүргізіліп, 8,7 мыңнан астам аза­маттың мәселелері назарға алын­ды. Оның ішінде жергілікті мем­ле­кеттік ор­гандар, департамент, бас­қар­ма бас­шы­лары 683 жеке қабылдау жүр­гізіп, 1 515 азаматтың мәселесі қарал-ған.

А.ЖАСАНҰЛЫ