Көңіл айту жеделхатын жолдады
Көңіл айту жеделхатын жолдады
245
оқылды
Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбайдың туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та жазды. «Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Мұха­мед­жанұлы Аралбайдың дүниеден өтуіне байла­нысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айт­ты», –деп жазды Б.Уәли. – Төлеубек Мұхамеджанұлы қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма теат­рында ұзақ жылдар қажырлы еңбек етті. Отан­дық кино мен телесериалдардың сәнін кіргізіп, актер­лік шеберлігімен көрермендер көзайымына ай­налды. Ұстаз ретінде көптеген таланттардың жо­лын ашты. Театр және кино өнерін өркендетуге мол үлес қосқан Төлеубек Мұхамеджанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жедел­хатта.