Фристайл-могулдан алты спортшы бақ сынайды
Фристайл-могулдан алты спортшы бақ сынайды
374
оқылды
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан Қазақстан намысын алты спортшы қорғайды. Бұл туралы команданың бас бапкері Елена Круглыхина мә­лім­­деді. Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) Қазақстан командасына қосымша квота бөлді. Нәтижесінде, Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан төрт әйел адам және екі ер адам сынға түседі. Атап айтар болсақ, Бейжің төрінде Юлия Галышева, Аяулым Әмірен­ова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаковтың өнерін тамашалаймыз. – Бәрі біз қалағандай болған жоқ. Бірақ бұл – спорт. Кездескен қиындықтарға қарамастан, спортшылар өздерін жақсы қырынан көрсетіп, қысқы ойында Қазақ­стан­ның бәсекелесе алатынын дәлелдеді. Бізде ерлерден екі, әйелдерден төрт квота бар. Аздаған қиыншылықтар кездескенін атап өттім. Виза мәселесіне байланысты АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңіне Антон Бондарев бара алмады. Ол лицензияға қол созым жерден тоқтады. Жара­қатына байланысты Сергей Романов Америкаға бара алған жоқ, ал Олен Цинн жолдамасыз қалды. Біздің еліміздің намысын Юлия Галышева, Аяулым Әмірен­ова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков қорғайды. Бұл іріктеу өте ауыр өтті, сон­дық­тан спортшылардың барлығын да құттықтаймын. Айта кету керек, спортшылар да, бапкерлер құра­мы да толығымен Өскемен қала­сының өкілдері. Біз Қазақстан атын таныту үшін бар күшімізді саламыз. Қазір Олимпиада ал­дын­дағы дайындықты Шым­бұлақта өткізіп жатырмыз, – деді бас бапкер.

А.ЖАСАНҰЛЫ