«Атып тастаймын» деп қорқытты» – кардиолог дәрігер
«Атып тастаймын» деп қорқытты» – кардиолог дәрігер
Фото: yandex.kz
206
оқылды

Алматыда қалалық кардиология орталығының дәрігерлері бұзақылар шабуыл жасап, атып тастаймыз деп сес көрсетсе де, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда бұзақылар қалалық кардиология орталығына да шабуыл жасады. Ауруханаға баса-көктеп кіріп, дәрігерлерді қарумен қорқытқан. Қалалық кардиология орталығының дәрігерлері қауіп төнсе де, жұмыс істеген.

«Айқай-шуды, мылтық кезенген жастарды көргенде үрейленіп, көзіне жас алып, біраз уақыт шошынғандар болды. Бірақ олардың бәрі өз қызметін адал атқара білді», – деді қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Алмат Қодасбаев.

Қаңтардың 5-інен 6-ына қараған түні бұзақылар жедел-жәрдем көлігін ұрлап кетпек болған. Сонымен қатар ауруханаға бұзақылар баса көктеп кіріп, дәрігерлерге шабуыл жасаған. Қабылдау бөлімінен кіріп, ота жасау бөлімінің аға медбикесінің басына, маңдайына қару кезеген.

Қалалық кардиологиялық орталықтың қабылдау бөлімінің кезекші дәрігері Алмас Темірбаев: «Иә, сол кезекшілік кезінде қолында қаруы бар 5-6 жігіт баса-көктеп кіріп, маңдайыма қару тақап, «атып тастаймын» деп қорқытты. Сондай қиын жағдайда болдық», – дейді.

https://youtu.be/_MWxwBWg--I

Бұған дейін Алматыдағы прокуратура ғимаратындағы өртті сөндірген өрт сөндірушілерді ұрып-соғып, қамап, өртеп жібергені туралы жазған болатынбыз.