Тоқаевтың шедеврі: Қазақстан – Словения 4:4 (видео)
Тоқаевтың шедеврі: Қазақстан – Словения 4:4 (видео)
283
оқылды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро біріншілігіндегі алғашқы кездесуін Словенияға қарсы өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Біздің жігіттер алаңға келесі құраммен шықты: Игита, Тайнан, Ақбалықов, Дуглас, Оразов – Атантаев, Қарағұлов, Эдсон, Валиуллин, Есенаманов, Тұрсағұлов, Тоқаев.
Кәрі құрлықтың біріншілігіне Қазақстан фаворит командалардың бірі ретінде келді. Ұлттық құрама бұл турнирдің үздік үштігінен көрінуді мақсат тұтты. Алайда қарсыластар да осал еместігін турнирдің алғашқы кездесуінен-ақ көрсетті. Словения ойыншылары есепті алғаш ашып қана қоймай, бірнеше рет таблода алға шығып отырды. Әсіресе есеп 2:4 болғанда Қазақстан ойыншылары абдырап қалды. Алайда тез арада бойын жиып, Тоқаев пен Дуглас қос голды соғып, ойынды тең аяқтауға мүмкіндік алды. Әсіресе Тоқаев пен Дугластың шедевр голдары бүкіл Еуропа көрермендерін тәнті етті. https://youtu.be/HHvJbs6sxG4 Қазақстан – Словения 4:4 (1:1) Голдар: Тотошкович 11 (0:1), Дуглас 16 (1:1), Фидершек 23 (1:2), Оразов 25 (2:2), Чех 31 (2:3), Турк 33 (2:4), Тоқаев 35 (3:4), Дуглас 39 (4:4). Алаңнан қуылғандар: Ақбалықов 12