Шымкентте пәтерден 27 жастағы қыздың мәйіті табылды
Шымкентте пәтерден 27 жастағы қыздың мәйіті табылды
Фото: biss.kz
266
оқылды

Шымкентте пәтерден денесінде пышақ жарақаты бар қыздың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Полиция департаменті.

Департаменттің мәліметінше, 17 қаңтарда Абай аудандық полиция басқармасына 1 мамыр көшесі бойында орналасқан пәтерден қыздың мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Жедел тергеу тобы марқұмның кім екенін анықтады. Жасы 27-де, мәйітті тексерген кезде пышақ жарақаты анықталды.

«Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру нәтижесінде, 18 және 19 жастағы Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды», – деді полицейлер.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.