Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

Зардап шеккен кәсіпкерлер мен жеке азаматтарға қолдау көрсету барысы талқыланды

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Қаңтар 21, 2022
кәсіпкерлер
23
қаралым

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Онда биылғы жылдың 5 қаңтарында Қызылорда қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылық әрекеттерден зардап шеккен ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары мен зиян көрген кәсіпкерлерге өтемақы төлену барысы туралы мәселелер қарады.

Жалпы өңірде жаппай тәртіпсіздік салдарынан бірқатар әкімшілік және кәсіпкерлік ғимараттар зардап шекті. Бүгінгі күні облыс әкімінің және аумақтық коменданттың бұйрықтарына сәйкес облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына тиісті тапсырмалар беріліп, бүлінген ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жиында күн тәртібіне сәйкес, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салауат Құлмахан хабарлама жасады. Директор орынбасарының айтуынша өңірлік кәсіпкерлер палатасымен тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі жасалып, Қызылорда қаласы бойынша 20 кәсіпкерлік субъектісінен жалпы 30 нысанға 404,1 млн теңге көлемінде залал келтіргені жөнінде арыз қаралған. Мәселен, «Компас», «Синойл», «Газ энерджи» жанар-жағармай бекеттері, «Бірлік», «Аль-асад», «Смол» және өзге де сауда үйлері, ломбард, «Киви» терминалдары, сондай-ақ, өндіріс және қызмет көрсету орындарына залал келтіріліп, тоналған. «Қазіргі таңда бұл кәсіпкерлік нысандардың нақты шығынын анықтау және арнайы комиссияның қарауына шығару үшін тиісті құжаттар әзірленуде. Алдағы уақытта, құжаттарды комиссия қарауына енгізу, шығындарды өтеу жұмыстары Үкіметтік комиссияның хаттамасымен бекітілген алгоритм аясында жүргізілетін болады», – дейді директор орынбасары.

Онлайн өткен жиында кәсіпкерлік және туризм басқармасы, облыстық жұмылдыру дайындығы, қаржы басқармасы және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшылары мен орынбасарлары да сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстарды хабардар етті.

Әрбір басқарма басшыларының хабарламасы мұқият назарға алынып, комиссия және фракция мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылды. Атап айтсақ, фракция мүшелері жаппай келеңсіздіктер кезінде зардап шеккен жеке азаматтардың шығындарының өтелуін назардан тыс қалдырмауды, әрбір атқарылған істерді бұқара халыққа жеткізілуін ұйымдастыруды қадап айтты. Барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, тиісті органдарға жолданатын болды.

Жиынды қорытындылаған кеңес төрағасы Қожахмет Ілиясов кеңес мүшелері мен жауапты басқарма басшыларын Президент бастамаларын қолдап, берілген тапсырмалардың толыққанды және сапалы жүргізілуін ортақ жүзеге асыруға шақырып, кеңес тарапынан барлық жұмыстарға бақылау жасалатынын тілге тиек етті.

Тегтер: «Аль-асад»«Газ энерджи» жанар-жағармай бекеттері«Компас»«Синойл»«Смол»бірлікжаңалық

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда дәрілік заттардың 90%-ына шекті бағалар былтырғы деңгейде сақталды - министрлік

Павлодарда белгісіз заттан бес адам уланып қайтыс болды

Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды

Мадридтік «Реал» 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Оралда қантқа таласқан адамдардың видеосы тарады

Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»