Жаңа қаулы: вакцина алмаған қызметкерлер апта сайын ПТР тест тапсыруы керек
Жаңа қаулы: вакцина алмаған қызметкерлер апта сайын ПТР тест тапсыруы керек
237
оқылды
Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. "ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 Қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдар вакциналанбаған жұмысшылары үшін 7 күнде 1 рет ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті түрде тестілеуді қамтамасыз етсін" делінген қаулыда.
  • Бұл ұйымдардың қатары мынадай: - халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері,
  • - моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, тігін ательесі, фотосалондар, аяқкиім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқкиім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер.