Продюсер Баян Мақсатқызы әнші Мақпал Жүнісованың алғаш рет студиясына келгенін айтып, оған ерекше құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің студияға келген сәтінен видео жариялады.
– Бізге қонаққа кім келгенін қараңыз. Мақпал Жүнісованың өзі келді, патшайым! Ешкімге иіліп сәлем бермейміз, бірақ сіздің алдыңызда бас иеміз, – деді Баян Мақсатқызы.
Ол Мақпал Жүнісованың әнді бір дубльмен жазып шығатынын да айтты.
– «Кабинетіме барып, шай ішейік» десем, «Қазір бір дубльмен ән жазып тастайын, сосын барамын», – дейді. Оны маған әкем де айтқан. «Мақпал келіп, бір дубльмен жазады да кетеді», – дейтін. Сәттілік! – деді продюсер.
