Ол ұзақ жылдар бойы отандық спорт журналистикасында еңбек етіп, күрес, дзюдо, бокс секілді спорт түрлерінен жазғы Олимпиада және Азия ойындарын, әлем және Азия чемпионаттарын жүргізді.
Белгілі спорт журналисі Ғалым Сүлейменов 51 жасында дүниеден озды
297
оқылды

Белгілі қазақстандық журналист, спорт комментаторы Ғалым Қамашұлы Сүлейменов 51 жасында мезгілсіз дүниеден озды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ғалым Сүлейменов 1975 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.  Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

1996-2004 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде спорт шолушысы болып еңбек етті. 2004 жылдан бастап «Спорт KZ» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Сондай-ақ «Айқын» газетінде қызмет етіп, спорт бөлімінде редактор болды.

Ол ұзақ жылдар бойы отандық спорт журналистикасында еңбек етіп, күрес, дзюдо, бокс секілді спорт түрлерінен жазғы Олимпиада және Азия ойындарын, әлем және Азия чемпионаттарын жүргізді.

Әріптестері Ғалым Сүлейменовті спортшыларды жеңісті сәттерде де, жеңілістен кейін де қолдап, үнемі демеп жүретін жан ретінде еске алды.

Ғалым Сүлейменов – Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының стипендиаты, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.