Негізгі міндеттер талқыланды
Негізгі міндеттер талқыланды
246
оқылды
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы бастауыш партия ұйымы төрағалары мен филиал қызметкерлерінің идео­­­ло­гия­лық сүйемелдеуге бай­ла­ныс­ты отырысы өтті. Жиын­ды «Nur Otan» партиясы Шым­кент қа­­лалық филиалы төра­ғасының бірін­ші орынбасары Жанар Бектаева ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мә­жі­­­­лісіндегі үндеуі мен «Nur Otan» пар­тиясы Төрағасының Бірінші орын­басары Б.Байбектің Мемлекет бас­шысының тапсырмаларын жүйелі орын­дау барысындағы негізгі мін­дет­тері талқыланды. Аталған мәселелер бойынша пар­тия филиалы төрағасының орын­ба­сары М.Қалмұратов арнайы баяндама жа­­сап, «Ақтас» бастауыш партия ұйы­­­­­мының төрағасы Е.Төлендиев пен «Білім және ғылым» бастауыш пар­тия ұйымы төрағасының орын­ба­сары С.Мәжінбеков сөз сөйледі. – «Nur Otan» партиясының негізгі мін­деті – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел мүддесі жолындағы тап­сырмаларын сапалы орындалуына барлық күш-жігерін салу. Осы орайда 800 мыңнан астам партияластың ба­сын біріктірген, еліміздегі негізгі сая­­си күш саналатын «Nur Otan» пар­­­тиясының мүмкіндіктері жетер­лік. Бес жылға дайындалған «Өз­геріс­тер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты да тұрғындардың лайықты әрі сапалы өмір сүруін қалыптастыру бо­латын. Сондықтан алдағы уақытта Мем­лекет басшысының тапсыр­ма­ла­рын партияның сайлауалды бағдар­ла­масымен ұштастыра отырып орын­дау бойынша жұмыстарды жал­ғас­тыра­тын боламыз, – деді Ж.Бектаева.

Әбілмансұр ЖАСАН