Қабылдауда айтылған мәселелер аяқсыз қалмайды
Қабылдауда айтылған мәселелер аяқсыз қалмайды
303
оқылды
Халық пен билік арасын жақындату мақсатында «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жергілікті атқарушы билік өкілдерінің кесте бойынша қабылдауы өтті. Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мә­се­лелері жөніндегі орынбасары Ғалымжан Әбді­халықовтың қабылдауына жазыл­ған­дар­дың қарасы көп болды. Олар негізінен жайы­лым жер, мал дәрігерінің төмен жалақысы, пай мәселесі бойынша өздерін толғандырған сұрақтарымен келді. Жайылым жердің тапшылығы бүгінгі күн­нің өзекті мәселесіне айналып отыр. Мә­се­лен, тұрғындарының көбі мал шаруа­шы­лы­ғымен айналысатын Зеренді ауданына қа­рас­ты Садовое ауылының тұрғындары Ға­лымжан Кенжешұлынан жайылым жер мә­селесін шешіп беруді өтінді. Қабылдауға кел­гендердің барлығы кемі 40-50 бас ірі қара мал ұстайды. Өз отбасын өздері асырап отыр­ған шаруалар егінмен айналысатын серік­тес­тік иесінің ауыл айналасын түгел дерлік жыр­­тып тастағанын, тіпті малды жайылымға апа­ратын жолды әрең дегенде сұрап алғанын ай­тып, бұл бағытта көмек көрсетуді сұрады. Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Кен­жешұлы бұл мәселені түбегейлі шешу үшін ауыл әкімі мен Ауылшаруашылық бас­қар­масының мамандары және аталған серік­тестік иесі мен тұрғындардың басын қосып, кез­десу ұйымдастырып, мәселенің оң ше­шілу жолын қарастыратынын алға тартты. Көкшетаулық Сырымбет Қанапин ве­тери­нарлық стансадағы мамандардың жала­қы­сы тым төмен екенін айтып, өтініш түсір­ді. Сондай-ақ қызметкерлерді қысқарту жү­ріп жатқанына қолдау көрсетуді сұрады. Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Кен­жешұлы сала басшыларына, яғни облыстық Ве­теринария басқармасына жалақыны кө­теру мәселесін қарастыру үшін Көкшетау қа­ла­сының ветеринарлық стансасы жұмы­с­шы­ларының штаттық кестесін дайындап беру­ді тапсырды. Яғни, өтініш берушінің жалақы мәселесі мен қысқарту қайта қарастырылатын болады. Жал­пы, әкім орынбасарының айтуынша, ал­да­ғы уақытта Мемлекет басшысының тап­сыр­масымен ауыл шаруашылығына баса на­зар аударылып, халықтың табысын арт­тыру бағдарламасы әзірленеді. Демек, ве­те­ри­­нария мамандарының да еңбекақысы рет­теледі. Айта кетейік, қоғамдық қабылдауларды он­лайн форматта өткізу алыс елді мекен тұр­ғындарының жергілікті билік өкілдеріне өз өті­нішін жеткізу мүмкіндігін беріп отыр. Мә­селен, елордалық азаматша Аршалы мен Шор­танды аудандарындағы серіктестіктердің құр­амынан шығу және дивидендтердің тө­лен­беуі мәселесін көтерді. Бұл бағытта мәсе­ле­ні аталған аудан әкімдері мен ауылшаруа­шы­лық бөлімінің мамандары қарастыратын бол­ды. Түйткілдің оң шешілуі партияның ба­қылауында болады. Сандықтау ауданындағы ірі серіктестіктің мұра­герге пай ақысы төленбейтінін алға тарт­­қан өтініш берушінің де мәселесі бақы­лауға алынды. Қоғамдық қабылдауға жазылғандардың бірі – ауыл шаруашылығын автоматтандыру мә­селесімен айналысып жүрген көкшетаулық Ерсұлтан Жақанов. Жас маман ауыл шаруа­шы­лығына инновациялық технологияларды ен­гізу бойынша өзінің бизнес идеяларын жү­зеге асыруда қолдау сұрады. Озық ойлы жас­тың кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағ­дарламаларына қатысуы туралы мәселені қарау үшін ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қорының басшылығын алға тарта отырып, өті­ніш берушімен тағы бір кездесу ұйым­дас­тыру ұйғарылды.

Әбілмансұр ЖАСАН