Алматының 5 ауданында жәрмеңке өтеді
Алматының 5 ауданында жәрмеңке өтеді
Сурет: Қазақпарат
517
оқылды

Қалада әр демалыс сайын өтіп келген жәрмеңкелер қайтадан ашылады, деп мәлімдеді Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.

"22 қаңтардан бастап Алматы қаласының 5 ауданында, дәлірек Алмалы, Бостандық, Медеу, Алатау, Әуезов аудандарында "демалыс күндері" жәрмеңкесі апта сайын өтетін болады. Оған Алматы облысының жақын аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, сондай-ақ, Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады", – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.
Сонымен қатар, "Жұлдыз", "Орбита", "Таусамалы", "Арыстан", "Тастақ" базарларында көкөніс әлеуметтік дүкендерінің үлгісі бойынша "ет дүкендері" жұмыс істейді.
"Аталған 5 базарда сиыр етінің кеуде-жауырын бөлігінің килограмы 2 050 теңгеден сатылады. Бұл нарықтағы орташа бағадан 13,5% арзан. Әдетте ет дүкендерінде 2 325 теңгеден сатылады. Мұнымен қатар, өндірушілер қызығушылық танытып отырғандықтан, басқа базарларда да ет дүкендерін ашу жоспарда бар", – деп қосты қала әкімінің орынбасары.
Бұдан өзге қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін "Алматынан" зауытымен бөлке бағасын 85 теңге деп бекіту туралы меморандумға қол қойылды. 130 сауда нүктесінде өнімге сауда үстемесін төмендету бойынша JLC сүт өнімдері дүкендерінің желісімен келіссөздер жүргізілді.