Алматы қалалық полиция департаменті қаңтар айының басында қаладағы жаппай наразылық кезінде тұтқынға алынғандарды іздестіру үшін арнайы сенім телефонын іске қосты.
Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов: «Сall-орталыққа хабарласып, тергеу изоляторларындағы адамдар мен басқа да мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз. Адвокаттар да осы call-орталықтарға жүгіне алады. Азаматтардың конституциялық құқы мүлтіксіз сақталады», – деді.
Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу үшін +7 (727) 290-19-01 байланыс орталығына хабарласуға болады.