Астанада бүгін 1-ауысымда оқитын оқушылар мектепке бармайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлады.
«Бүгін ауа температурасының төмендеуіне байланысты І ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына көшіріледі» делінген ресми хабарламада.