Қайрат Нұртастың қайтыс болғаны туралы сөз шықты
Қайрат Нұртастың қайтыс болғаны туралы сөз шықты
© tekst-pesni.online
1,980
оқылды

Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың қайтыс болғаны туралы бейнежазба тарады. Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында бұл роликтің жалған  екенін айтты. 

"Менің балама өлім тілеп, кім осылай жарнамалап таратуға қолы барды екен. Мейлі мамасының баласы дей берсін, мейлі тағы да баласын қорғаштады десін, баламның табанына кірер шеңгел болса, менің маңдайыма қадалсын дейтін өз аналарыңыздай мен де анамын, сыртынан ауыр сөз айтылса, ең бірінші менің жүрегіме қадалары анық", – дейді әншінің анасы.
Гүлзира Айдарбекова осы хабарды таратқан адамға "Басыңа келсін демеймін, тек Алла сана берсін" деп жауап берді.
"Соншалықты жек көретіндей біреуге ұлым зияндық жасамақ түгілі тірі пендені ренжітпейтін жүрегі мейірімге толы екенін басқа білмесе де, туған анасы мен білемін. Қаншалықты қара жағып, өсектеп жатса да шыдай береміз ғой, енді мынау тым артық. Ниетімізді түзесек екен. Ешбір ана баласын жоғалтпасын, Алла ұлыма ұзағынан өмір берсін", – деп жазды ол.