Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді
Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді
170
оқылды
Атыраулық әйел жасанды ұрықтандыру жолымен сәби сүю мүмкіндігіне ие болды, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.  
"Атырау облыстық перинаталдық орталығында 19 қаңтар күні білікті дәрігерлердің қатысуымен жүкті әйелге ота сәтті жасалды. Салмағы 3 келі 70 грамм ер бала дүниеге келді. Бойы – 51 см. Жүкті әйел орталыққа қағанақ суы кетіп келгендіктен, ота шұғыл түрде жасалған. Қазіргі таңда ана мен сәбидің жағдайы жақсы", – делінген Атырау облыстық перинаталдық орталығының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.