Қазақстанда жаңа көлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы қалпына келтіріледі. Бұл туралы «Хабар» телеарнасының «Большая неделя» ток-шоуының эфирінде ҚР Индустрия және инновациялық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
«ӨКМ Операторы» ЖШС-нен өкілеттіктер мен активтерді «Жасыл Даму» АҚ-ға бергеннен кейін Үкімет жиналған қаражатты азаматтардың көңілінен шығатындай жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қайта бастауға бағыттау мүмкіндігін зерделеуде», – деді вице-министр.
Ол теңгемен жылдық 4 пайыздан аспайтын бастапқы жарнасыз автокөлік сатып алу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.