4 мың жұмыc орны ашылды
4 мың жұмыc орны ашылды
261
оқылды
Кеше «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төра­ға­сының бірінші орынбасары Илья Теренченко кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты. Күн тәртібінде үйлестіру кеңесі «Биз­нестің Жол картасы – 2025» биз­нес­ті қолдау мен дамытудың мемлекеттік ба­ғдарламасы шеңберінде өндірістік инф­рақұрылымды қалыптастыру жө­нін­дегі 4 жобаны қарастырды. Олар – «Ма­сакпай Инвест» ЖШС, «Ақжар Өн­діріс» ЖШС, «Бастаушы-AGRO» ЖШС және «КХ «Лидер PVL» ЖШС. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағ­дарламасының Жол картасы аясында ин­вестициялық жобаларды тарту – бас­ты шарттың бірі»,– деді филиал төраға­сы­ның бірінші орынбасары Илья Терен­ченко. 2021 жылы Павлодар облысында ша­мамен 305 миллиард теңге инвес­ти­ция тартылды. Олардың есебінен 4 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 12 ірі жоба іске асырылды. Тек аграрлық секторда ғана 30 инвестициялық жоба қосылды.