25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: politeka.net
287
оқылды

«Қазгидрометтің» болжамынша, бүгін қар жауып, республиканың батысында жел күшейіп, көктайғақ болады.

Өзге өңірлерде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Атырау облысының солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында, түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.