Бір өзі үш ауданда онға жуық пәтерді тонаған ұры ұсталды
Бір өзі үш ауданда онға жуық пәтерді тонаған ұры ұсталды
Фото: polisia.kz
224
оқылды

Түркістан облысында полицейлер үш ауданда 10-ға жуық пәтерді тонаған ұрыны ұстады, – деп жазады Polisia.kz.

Полицейлер Арыс, Сарыағаш және Сайрам аудандарында 10-ға жуық пәтерді тонаған Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерде қолға түсірді. Биыл қаңтарда Сайрам ауданының тұрғыны арызданып, кешкі уақытта екі млн теңгеге жуық ақшасын, алтын әшекейлерін белгісіз біреу ұрлап кеткеніне шағымданған. Жүйелі іздестіру нәтижесінде, күдіктінің Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды.
Ұры жергілікті тұрғынның үйінде бірнеше сағат адам болмайтынын біліп, бөлменің терезесі арқылы кіріп, шкаф ішінде тұрған қол сөмкеден екі миллион теңгеге жуық қомақты қаржы мен брендтік қол сағат пен екі сақинаны жымқырған. Күдікті жәбірленушіге екі миллионнан астам теңгеге залал келтірген. Тергеуде оның Сайрам ауданында – 4, Арыста – 2, Сарыағаш ауданында да бірнеше үйді тонағаны анықталды.
Ұрлаған заттарын ломбардқа өткізіп, қаржыны құмар ойындарға жұмсаған.

Бұған дейін жалдамалы пәтердің мүлкін тонаған қыздар туралы жазған болатынбыз.