Бүгін доллар бағамы қайта қымбаттады
Бүгін доллар бағамы қайта қымбаттады
Фото: yandex.kz
190
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қайта өсті.

Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 0,81 тиынға өсіп, орташа бағамы 435,16 теңге болды. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы – 1 доллар үшін 434,34 теңге. Алматыда ақша айырбастау пункттерінде доллар 437,23 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу – 438,50 теңге. Астанада доллар 436,77 теңгеден сатылса, сатып алу құны – 438,07 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк өкілі теңгенің құнсызданған себебін түсіндірген еді.