Актер Мағжан Тұрыс шаңырақ көтерді, – деп жазды Aikyn.kz.
Актердің үйлену тойында түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады.
Желіде тараған кадрлардан тойдың ерекше әрі дәстүрге сай форматта ұйымдастырылғанын байқауға болады. Әсіресе жас жұбайларды қарсы алу рәсімі қызу талқыға түсті. Театр әртістері орындаған "Жар-жар" жыры, сахналық қойылым той қонақтарын ерекше әсерге бөледі.

Айта кетейік, Мағжан Тұрыс – белгілі актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыстың ұлы. Ол кішкентайынан көрерменге отандық телеарнадан көрсетілген «Ұят болмасын» бағдарламасындағы рөлімен таныс.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
