Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Берік Имашев 2016 жылы 13 қыркүйектен бері Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.
Берік Мәжитұлы Имашев 1960 жылы 7 маусымда Алматы қаласында туған.
1982 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді.
Әділет министрі, Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.