Петропавлда ер адам зейнеткерді тонап кеткен
Петропавлда ер адам зейнеткерді тонап кеткен
Петропавлда егде жастағы әйелдерді алдап, тонады деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға Петропавлдағы «Уют» дүкенінің маңында қылмыскердің егде жастағы әйелдің әмиянын ұрлады деген хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалалық Полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері аталған құқық бұзушылықтарды жасаған болуы мүмкін деген күдіктіні ұстады.
«Жедел-іздестру іс-шаралары барысында бұрын сотталған күдікті ұсталды. Тергеу барысында оның Петропавл қаласына қарт адамдардың мүлкін ұрлау үшін арнайы келгендігі анықталды. Ол зейнеткерлерге көмек көрсету тәсілімен сеніміне кіріп, ақшаларын қолды етіп отырған», - дейді Петропавл қаласы №1 полиция бөлмінің тергеушісі Ерасыл Әскербек.
Аталған фактілербойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ер адам қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.