Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
359
оқылды
Қызылорда облысының «Nur Otan» партиясы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда осы жылдың 5 қаңтарында Қызылорда қаласында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылық әрекеттерден зардап шеккен ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары мен зиян көрген кәсіпкерлерге өтемақы төлену барысы туралы мәселелер қаралды. Жалпы, өңірде жаппай тәртіпсіздік салдарынан бірқатар әкімшілік және кә­сіпкерлік ғимарат зардап шекті. Бүгінде облыс әкімінің және аумақтық ко­менданттың бұйрықтарына сәйкес об­лыстық Жұмылдыру дайындығы бас­қармасына тиісті тапсырмалар бері­ліп, бүлінген ғимараттарды қалпы­на келтіру жұмыстары жүргізіліп жа­тыр. Жиында күн тәртібіне сәйкес, Қы­зыл­орда облысының кәсіпкерлер па­ла­тасы директорының орынбасары Са­лауат Құлмахан хабарлама жасады. Ди­ректор орынбасарының ай­туын­ша, өңірлік кәсіпкерлер па­лата­сы­мен тәртіпсіздік салдарынан зардап шек­кен кәсіпкерлердің тізімі жасалып, Қызылорда қаласы бойынша 20 кә­сіп­керлік субъектісінен жалпы 30 ны­сан­ға 404,1 млн теңге көлемінде залал кел­тіргені жөнінде арыз қаралған. Мә­селен, «Компас», «Синойл», «Газ энерд­жи» жанар-жағармай бекеттері, «Бір­­лік», «Аль-асад», «Смол» және өзге де сауда үйлері, ломбард, «Киви» тер­миналдары, сондай-ақ өндіріс жә­не қызмет көрсету орындарына залал кел­тіріліп, тоналған. «Қазір бұл кәсіпкерлік ны­сан­дар­дың нақты шығынын анықтау және ар­найы комиссияның қарауына шы­ғару үшін тиісті құжаттар әзірленіп жа­т­ыр. Алдағы уақытта құжаттарды ко­­миссия қарауына енгізу, шығын­дар­ды өтеу жұмыстары үкіметтік комис­сия­ның хаттамасымен бекітілген ал­го­­ритм аясында жүргізілетін болады», – дейді Салауат Құлмахан. Онлайн өткен жиында облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы, облыстық жұмылдыру дайындығы, Қаржы басқармасы және облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшылары мен орын­­ба­сарлары да сөз алып, атқары­лып жатқан жұмыстарды хабардар етті. Әрбір басқарма басшыларының хабарламасы мұқият назарға алынып, комиссия және фракция мүшелері та­рапынан ұсыныстар айтылды. Атап айт­сақ, фракция мүшелері жаппай ке­лең­сіздіктер кезінде зардап шеккен же­ке азаматтардың шығындарының өтелуін назардан тыс қалдырмауды, әр­бір атқарылған істерді бұқара халық­қа жеткізілуін ұйымдастыруды қадап айт­ты. Барлық ұсыныс хаттамаға ен­гізі­ліп, тиісті органдарға жолданатын бол­ды. Жиынды қорытындылаған кеңес тө­рағасы Қожахмет Ілиясов кеңес мү­шелері мен жауапты басқарма бас­шы­ларын Президент бастамаларын қол­дап, берілген тапсырмалардың толық­қан­ды және сапалы жүргізілуін ортақ жү­зеге асыруға шақырып, кеңес тара­пынан барлық жұмысқа бақылау жа­салатынын тілге тиек етті.