«Қазақмыстың» «Қазақстан халқына» қанша ақша аударғаны белгілі болды
«Қазақмыстың» «Қазақстан халқына» қанша ақша аударғаны белгілі болды
Фото: time.kz
169
оқылды

«Қазақмыс» пен KAZ Minerals бірлесіп, «Қазақстан халқына» қорына 25 миллиард теңге аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдаған компаниялар 25 миллиард теңге аударып, халықтың әлеуметтік мәселесін шешуді қолдайтынын жеткізді.

«2014 жылғы қайта құрылымдауға дейін бірлесіп жұмыс істеген «Қазақмыс» пен KAZ Minerals компаниялары әлеуметтік мәселелерді шешуде Қазақстан халқын қолдауға, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесуге дайын» делінген компания хабарламасында.

Бұған дейін Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе бірлесіп, «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударған болатын.