«Жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген алаяқ ұсталды
«Жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген алаяқ ұсталды
Фото: polisia.kz
233
оқылды

Алматыда жүргізуші куәлігін жасап беремін деп елді алдаған ер адам ұсталды, – деп жазады Polisia.kz.

25 жастағы ер адам көлік жүргізу куәлігін жасай алатынына сендіре отырып, ақша алып, ізім-ғайым жоғалған.

Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов: «Біздің бөлімшеге бірінен соң бірі бірнеше адам хабарласты. Олардың айтуынша, күдікті «жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін» деп уәде еткен. Әрқайсысынан 150 мың теңге сыйақы алған», – деді.

Күдікті ұсталды. Полицейлер ұсталған ер адамның фотосын жариялады. Осы іске қатысты полицияға мына телефондарға хабарласуға болады: 8-707-447-07-50;  8-776-888-38-83.