Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысының өкімімен Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды.