Ерлан Қиясов Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды
Ерлан Қиясов Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды
© primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов берген өтінішіне сәйкес Денсаулық сақтау вице-министрі — Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды.  Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды. Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген.  Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологі. 1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді. 2020 жылғы қыркүйекте Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып тағайындалды.