Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматыда департаментті басқаратын кадр іздеп жатыр.
Биыл Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментін басқарған Жандарбек Бекшин зейнетке шықты. Сондықтан оның орнына конкурс жарияланды.Бос лауазымға орналасуға бір ғана үміткердің кандидатурасы талапқа сай болды. Ол – Алматы қаласы Медеу аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып жүрген Қасымхан Алпысбайұлы.
Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметтен кеткенін хабарлаған болатынбыз.