Қорғастағы қадағалау: шекара маңындағы станция басшылары қызметінен босатылды
Қорғастағы қадағалау: шекара маңындағы станция басшылары қызметінен босатылды
Фото: yandex.kz
277
оқылды

Қаржы министрлігі мен ҚТЖ Қорғас АЭА-да СЭҚ қатысушыларымен кездесу өткізді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев KTZE-Khorgos Gateway құрлық портының, «Нұр жолы» және «Алтынкөл» өткізу пунктінің жұмысын тексерді. Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізіліп, онда қазақ-қытай шекарасындағы бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңындағы теміржол станцияларының басшылары қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.