11 мыңнан астам адам көмек сұрап жүгінген
11 мыңнан астам адам көмек сұрап жүгінген
239
оқылды
«Nur Otan» партиясының Шы­ғыс Қазақстан облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Аталған жиында партияның аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөл­мелеріндегі өткен жылы ат­қар­­ған жұмыс нәтижелері бойынша есебі тыңдалды. 2021 жылы партияның қоғамдық қа­былдауларына 11 395 адам жүгінді. Аза­­маттар тарапынан түскен өті­ніш­тер­ді қарастыру нәтижесі бойынша 44% оң шешімін тапты, 56%-ына тү­сі­нік­теме берілді. Қоғамдық қабылдау алаң­­дарында 3 757 кездесу өткізіліп, 7 984 адам қабылданды. Сонымен қатар мем­­лекеттік органдардың өкілдері 304 та­қырыптық және көшпелі қабылдау өт­кізіп, 728 адамның арыз-шағымын тыңдады. Отырыс барысында «Nur Otan» пар­тиясының Абай, Катонқарағай, Глу­бо­кое аудандарындағы филиал төрағалары бірінші орынбасарларының есептері де тың­далды. «Жалпы, сіздердің есептеріңізге қара­сақ, барлық тапсырмалар жүзеге асы­рылып жатыр. Десе де, бір айта ке­тер­лігі жыл көлемінде жоғарыда есеп­тері тыңдалған үш аудандағы филиал­дар­дың жұмысының кемшіл тұстары бар. Бұл мәселе бойынша кейбір партия мү­шелеріне сөгістер мен ескертулер бе­рілетін болады. Біз партияның бағ­дар­ламалары мен бастамаларын уақы­тылы жүзеге асыруға тиіспіз. Сондай-ақ тұрғындардың арыз-шағымдарында уақытылы қарастырып, күрмеулі мә­се­лелердің оңтайлы шешілуіне қол үшін беруіміз қажет, – деді «Nur Otan» пар­тия­сының Шығыс Қазақстан облыстық фи­лиалы партиялық бақылау комис­сия­сының төрағасы Мұхтар Әділ­бекұлы.