Анна мен Беатрис финалда бақ сынайды
Анна мен Беатрис финалда бақ сынайды
167
оқылды
Жұптық сайыста Қазақ­стан­ның бірінші ракеткасы Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бір­ге Australian Open–2022 тур­нирінің финалына шықты. 2 сағат 18 минутқа созылған жар­тылай финалдық кездесуде Да­нилина мен Майя үш сетте екінші орын алған Жапониядан келген Сюко Аояма мен Ену Шибахарадан басым түсті. Есеп – 6:4, 5:7, 6:4. Финалда Анна Данилина мен Беатрис Аддад Майя чехиялық Б.Крейчекова/К.Синиакова жұбы­мен кездеседі. Финалдық матч 30 қаңтарға жоспарланған.

А.ЖАСАНҰЛЫ