Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, елімізде 2 миллион адам жұмыссыз жүр, - деп хабарлайды AstanaTV.
Статистика шындыққа сәйкес келмейтінін айтқан сенатор Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Ресми статистика бойынша, елімізде жұмыссыздық көрсеткіші – 4,9 пайыз. Бірақ бұл көрсеткіш күмәнді.
Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, кедейлік деңгейін анықтауға деген көзқарас әлі күнге дейін оны төмендетіп көрсетумен ғана шектеледі. Статистика жүргізуде ашықтық жоқ.
Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы: «Жергілікті атқарушы органдар, Үкімет жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін үнемі төмен көрсетумен келеді. 2021 жылы Үкімет елде 450 мың адам жұмыссыз деп көрсетсе, кедейшілік деңгейі 4,5 % аспайды деген ресми ақпарат берді. Осы шындыққа сәйкес келе ме? Жоқ. Шындығында, біздің есебімізше, елде екі миллион азамат жұмыс таба алмай жүр», – деді сенатор.