Ләззат Қалтаева Сенат депутаты болып тағайындалды
Ләззат Қалтаева Сенат депутаты болып тағайындалды
Фото: inform.kz
430
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ләззат Молдабекқызы Қалтаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ляззат Қалтаева еңбек жолын 1987 жылы Алматы қаласының Фрунзенский ауданы мүгедектер қоғамының референт-хатшысы болып бастады. Университетті Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы ЌМЭБИ – дағы «Арман» Оқыту Орталығында бағалы қағаздар нарығындағы мәміле бойынша мамандық курсынан өтті. Ұлттық комиссияда емтиханын тапсырып, ойдағыдай аяқтағаннан кейін бағалы қағаздар нарығындағы мәміле бойынша осы салада қызмет атқару үшін сертификат алды. 1997 жылдан – 2001 жылға дейін «ДАЭКО», «Данекер»,  «Казахстан-Аудит» жабық акционерлік қоғамында бағалы қағаздар нарығындағы мәміле бойынша қызметін атқарды. 2001 жылы мүгедектігі бар әйелдер тобының бастамасымен бірігіп, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігін құрып, дәл осы уақытқа дейін басқаруда. 2006 жылы Заңды тұлғалардың бірлестігі «Алматы қаласының мүгедектер қоғамының қауымдастығы», дәл қазіргі уақытта ЗТБ мен «мүгедектігі бар адамдардың Орта – Азиялық Форумы МОАФ» төрайымы болып сайланды. Президент жанындағы отбасылық-демографиялық саясаты мен әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі. Жуырда Президент Жарлығымен Нұрлан Әбдіровтің Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.