Қаңтар қасіреті: тергеуге көмектесу үшін Алматыға өзге өңірлерден сот сарапшылары барды
Қаңтар қасіреті: тергеуге көмектесу үшін Алматыға өзге өңірлерден сот сарапшылары барды
Фото: yandex.kz
231
оқылды

Қазақстанда қаңтар оқиғасын тергеуде жұмыс істейтін 68 сот сарапшысынан тұратын резерв құрылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласында 33 сот сарапшысы қаңтардағы оқиғаны тергеу аясында жұмыс істеп жатыр.
Сараптаманы 19 жергілікті және өзге өңірлерден іссапарға жіберілген 14 маман жүргізіп жатыр. Сот сарапшыларының жүктемесі қалыпты, қағазбастылық, жұмыс мерзімін кешіктіру жоқ.
Алматы қаласында бес бағытта: құрылыс, тауартану, өрт-техникалық, баллистикалық және экономикалық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша жедел тергеу мақсатында Әділет министрлігі 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрды. Оның көпшілігі экономикалық сараптамаға маманданған.

31 қаңтардан бастап резервтегі мамандардың бір бөлігі өңірге жіберіледі. Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысында да сараптамалар жүргізіліп жатыр.