Президент: «Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші
Президент: «Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші
263
оқылды
Елордада Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтті. Жиында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды. – Ең бастысы, қоғамға тыныштық пен тұрақтылық керек. «Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін, ең алдымен, біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп жұмыс істеуіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Президент «Nur Otan» партиясы мемлекетшілдер партиясы болуы керек екенін айтты. Ол ұйым мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс екенін жеткізді.