Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударуға асықпайтын кәсіпкерлерге ескерту жасады
Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударуға асықпайтын кәсіпкерлерге ескерту жасады
369
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударған танымал кәсіпкерлерге алғыс айтып, қаржы аудармаған ірі кәсіпкерлерді сынға алды. 
 "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударған кәсіпкерлерге алғыс айтамын. Бұл әрекеттеріңізбен сіздер  еліміздегі қайырымдылыққа мұқтаж жандарға қатысты азаматтық жауапкершілік танытып жатырсыздар", - деді Президент. «Сонымен бірге олигополияның құрамына кіретін және тіпті оның бет-бейнесіне айналған бизнестегі кейбір танымал адамдар Мемлекет басшысы бастаған қайырымдылық акциясына қатысуға асығатын емес. Бұл не: ашкөздік пе, нигилизм бе, әдепсіздік немесе немқұрайлылық па? Қалай болғанда да, мемлекет бұл сұраққа толық жауап алу үшін қажетті барлық өкілеттіктерге ие. Өз тарапымнан ірі бизнестің қайырымдылық процесін реттейтін арнайы Жарлық шығаруды жоспарлап отырмын», - деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланғанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ партияның ұйымдастырушылық құрылымын өзгертуді ұсынды.