Сібір елігін атып алған браконьерлер ұсталды
Сібір елігін атып алған браконьерлер ұсталды
 Іле-Алатауы саябағында заңсыз Сібір елігін атқан Қазақстан Республикасының үш азаматы ұсталды. Саябақ инспекторларының айтуынша, оқиға орнынан Сібір елігінің еті, басы, терісі мен ішек-қарындары табылды.
28 қаңтарында «Іле-Алатауы МҰТП» РММ Түрген филиалының инспекторлары сағат 14:00 шамасында Сібір елігін (аталық) атқан үш браконьерді ұстады. Түрген филиалының инспекторлары Е.Жылсбаев, К. Құмарбеков, Ә. Серікжан, М. Байтасов Есік орманшылығының №9 орам аумағын барлау барысында Сібір елігін бөлшектеп жатқан браконьерлердің үстінен түскен. Нәтижесінде заңсыз аң атқан Қазақстан Республикасының үш азаматы ұсталды. Инспекторлардың айтуынша, оқиға орнында Сібір елігінің бөлшектелген еті, басы, терісі және ішек-қарыны жатқан.ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі
Ұстау кезінде құқық бұзушылардан калибрі 7,62 Вепр-308 маркалы (нөмірі СА9615) мылтығы және нөмірсіз, қайта жасалған екі қару тәркіленді. Құқық бұзушылар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.