Алекс Мерлим: Қазақстан құрамасын жеңуге шамамыз жетпеді
Алекс Мерлим: Қазақстан құрамасын жеңуге шамамыз жетпеді
195
оқылды

Футзалдан Италия құрамасының капитаны Алекс Мерлим Еуропа чемпионатында Қазақстан командасынан не себепті жеңілгенін (4:1) түсіндірді.

«Өкінішке қарай жоспарымызды жүзеге асыра алмадық. Әсіресе екінші таймда таразы басын теңестіріп, есепті 2:2-ге жеткізуіміз керек еді. Алайда қақпамызға үшінші голды өткізіп алдық. Сосын амалсыз паркетке бесінші ойыншыны шығарып көрдік. Бірақ маңызды матчта жинақтала алмадық.  Шынымды айтсам, қарсыласты жеуге шамамыз жетпеді», – деді Мерлим.

Еске салайық, Еуро-2022 турнирінде Қазақстан құрамасы үш ойында 7 ұпай еншілеп, топтан бірінші орынмен шықты. Енді 31 қаңтар күні Кака футщалшылары А тобында екінші орын алған Украина құрамасымен ширек финалда кездеседі.