Атырау қаласы ІІБ бастығының орынбасары Ерлан Биғамбаев "Динамо" спортзалында ұсталған адамдарды азаптауға бұйрық бергені туралы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді.
"Мемлекеттік қызметші болғандықтан, мен бұған ерекше назар аудармауға тырыстым, өйткені бәрінің көңілінен шыға алмайсың. Бірақ "қанішер, халық жауы" деп атанған кезде шыдамым таусылды, оның үстіне мені қолдайтын көптеген адамдар жауап беруді сұрады. Мен ішкі істер органдарында 20 жылдан астам жұмыс істеп келемін. Атырау шағын қала, ешкім жамандамайтын қызметкерлердің бірімін. Жақсы беделім бар. Сонымен қатар, "өзі зорлық-зомбылықпен күресіп, өзі солай жасады" деген жалған айыптың таралуы мен үшін ғана емес, әріптестерім үшін де соққы болды. Мен онымен күресуге бел будым. Басқалардың құқықтарын заңды түрде қорғайтын құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде мен бірінші рет өз құқығымды қорғағым келеді. Қазір ҚР ҚК 274 - бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде", - деп жазды Биғамбаев Facebook парақшасында.
Биғамбаевтың жазбасынан кейін көп ұзамай Атырау тұрғыны Сергей Шутов әлеуметтік желідегі парақшасында азаптау кезінде Атырау қаласы ІІБ басшысы болғанын айтып, оны қудалаймыз деп қорқытқаны туралы жазба қалдырды.
«Ақ Жайық» басылымның хабарлауынша, Шутов 4 қаңтарда Махамбет пен Исатай алаңында өткен митингке қатысқан. Полиция оны бір аптадан кейін үйінен алып кетіп, "Динамо" спортзалында бірнеше сағат бойы азаптаған.
Атырау облысы ПД ақпараты бойынша, тергеу Биғамбаевқа және жалпы Атырау полициясының әрекеті жайлы әлеуметтік желіде ақпарат таратқан адамды анықтады. Ол шетелден жасалған.