Қаңтар қасіреті: кәсіпкерлер өтемақы алып жатыр
Қаңтар қасіреті: кәсіпкерлер өтемақы алып жатыр
Фото: zanmedia.kz
324
оқылды

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан дүкені тоналып, ғимараты қирап қалған кәсіпкерлерге өтемақы төленіп жатыр. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі өңірлік комиссиялар кәсіпкерлерден түскен өтінімдерді белсенді түрде қарап жатыр. Бүгінгі мәлімет бойынша InfoKazakhstan.kz электрондық платформасы арқылы Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан залалды өтеуге 2000-нан астам өтінім түсті. Залалды өтеу оңайлатылған тәртіппен, сот сараптамасының қорытындысы негізінде өтініш берушінің қалауы бойынша қаралады. Алматы қаласында сараптамаларды жедел жүргізу үшін 33 сарапшы жұмыс істейді. 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрылды. Өңірлік комиссиялардың шешімі қабылданып, өтініш білдірген бизнесмендердің есепшоттарына өтемақы аударылды. Мәселен, Алматы қаласында 17 кәсіпкер жалпы сомасы 33 млн теңгеге төлем алды.

Бұған дейін шығынға батып, жапа шеккен кәсіпкерлерден өтініш қабылдау басталғанын хабарлаған болатынбыз.