1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.
1987 жылы – Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернатын бітірді.
Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
1997 жылы – «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма төрағасы;
1998 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңесшісі;
1998 жылы – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
2000 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
2001 жылы – Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы;
2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы;
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
2006-2012 жылдары – «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
2012 жылғы 25 қыркүйектен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.
2013 жылғы 16 қаңтардан Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2014 жылғы 6 тамызы – 2016 жылғы 5 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
2016 жылғы 16 мамырда «Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы болып тағайындалды.