Сорбонна-Қазақстан институтының студенттері оқуын қоғамдық жұмыстармен ұштастыруда
Сорбонна-Қазақстан институтының студенттері оқуын қоғамдық жұмыстармен ұштастыруда
Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының студенттері оқуын белсенді қоғамдық жұмыстармен ұштастыруда. 2021 жылы «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының магистранты Қарлығаш Жебелова республикалық «Қазақстанның үздік магистранты» байқауында жеңіске жетті. «Экономика» білім беру бағдарламасының екі студенті Пуатье университетінің қос дипломдық бағдарламаға іріктеуден өтіп, 2021-2022 оқу жылының бірінші семестрінде Франциядағы семестрлік оқуларын сәтті аяқтады. Институттың төрт магистранты үкіметаралық Абай–Верн стипендиялық бағдарламасының грантына ие болды және француздық серіктес жоғары оқу орындарында (Лотарингия университеті, Пуатье университеті) білім алуда. «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Айнұр Жақсыбаева франкофон университеттері агенттігінің (AUF) үш айлық тағылымдамасының грантын жеңіп алды. Институттың алты студенті Эразмус + стипендиялық бағдарламасының грантының иегері атанды және 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрінде Лиль университетіне (Франция) оқуға жіберілді. 2021 жылдың 23 қарашасында Лотарингия университеті (Université de Lorraine, Франция) магистратурасының қос дипломдық бағдарламасы бойынша оқуын табысты аяқтаған Сорбонна-Қазақстан институтының түлектері Айше Әмірбайға, Айдана Баймұханбетоваға, Тусубжан Дүзбаеваға, Әсел Ибрагимоваға және Әнел Санатқызына «Француз және Еуропалық заң және экономикалық жүйеге кіріспе» (Ifeles: «Introduction to French and European legal and economic system») француз жоғары оқу орнының дипломдары табысталды. Сорбонна-Қазақстан Өткен жылдың желтоқсан айында Сорбонна-Қазақстан институтының «Акселератор добра/Ізгілік елшісі» қозғалысының еріктілері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шара Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы мен «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен өтті. Көмек әлеуметтік жағдайға мұқтаж отбасыларға көрсетілді. Жаңа жыл қарсаңында Сорбонна-Қазақстан институтының «Акселератор добра/ Izgilik Elshisi» қозғалысының еріктілері Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы мен «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен өткен кезекті қайырымдылық акциясына қатысты. Көмек әлеуметтік жағдайға мұқтаж отбасыларға көрсетілді. 2022 жылдың 14 қаңтарында Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы мен April Group ЖШС қолдауымен институт еріктілері мұқтаж жандарға тағы да көмек көрсетіп, азық-түлік себеттерін жеткізді. «Акселератор добра/ Izgilik Elshisi» қозғалысының қатысушылары үнемі осындай іс-шараларға қатысады және әрі қарай көмек беруге дайын. Қозғалыс қызметін Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова үйлестіреді.