Қаңтар қасіреті: алаңда темір таратқан 6 адам ұсталды

Қаңтар қасіреті: алаңда темір таратқан 6 адам ұсталды

Алматы қаласы мен облысының 6 тұрғыны жаппай қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталды. ІІМ мәліметінше, олар әскерилерді басып-жаншу үшін темір таратқан, – деп жазады Tengrinews.kz.

«Алматыда тәртіпсіздікке қатысқан Алматы мен Алматы облысының алты тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар полицейлер мен әскери қызметкерлерді басып-жаншу үшін темір таратты», – деді әкімшілік Полиция комитеті басқармасының бастығы Бағланбек Айтпаев.
Оның айтуынша, күдіктілерді ұстау 19 қаңтарда басталды. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жүргізілді.

Бұған дейін алаңда қару-жарақ таратқандардың ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.