Тастанды бала: 2 жасар сәбидің ауруханада жүргеніне жарты жыл болған
Тастанды бала: 2 жасар сәбидің ауруханада жүргеніне жарты жыл болған
380
оқылды

Алматы қаласындағы №2 балалар ауруханасында 2 жасар баланың паналап жатқанына жарты болған. Бұл ақпарат жайында әлеуметтік желіде хабарландыру берілген.

Олардың мәліметінше, кішкентай сәби ауруханаға қыркүйекте түскен. Міне, содан бері жарты жыл өтті. "Баланы ешкім іздеп келмеген. Не болмаса ата-анасы әкетуге ниет те білдірмеген. Емхананың заңгері бұл жағдайды әлі қарамаған. Баланың панасыз, қараусыз жүргені жанға батып отыр. Осы жағдайды ретке келтірсе екен" деп бейтаныс біреу хабарландыру жариялаған. Осы мәселеге байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов істің жан-жақты тексерілетінін хабардар етті.