Алматыда «Анна» қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан тағы бір адам ұсталды. 33 жастағы ер адам бұған дейін де сотталған екен.
5 қаңтарда Алматыда С. есімді азамат қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. Атап айтқанда, дүкеннің есіктеріне орнатылған торды сындыру үшін трос байланған ВАЗ-2114 автокөлігін жүргізген.
Осы заңсыз әрекетінің нәтижесінде күдікті екі тегіс ұңғылы және екі мылтықты алып кеткен.
«Қазіргі уақытта оның жаппай тәртіпсіздік пен қарулы шабуылдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Естеріңізге сала кетейін, сол күні қалада бір мезгілде жеті қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалды, қылмыскерлер 1 347 қаруды, оның ішінде 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қаруды әкеткен, сондай-ақ оқ-дәрі тоналды», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
https://www.youtube.com/watch?v=Ju_uBMfantk&feature=emb_title
Күдікті қамауға алынды.