БҚО-да ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды
БҚО-да ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды
117
оқылды
«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша, 31 қаңтар күні жергілікті сағат 21.00-ден бастап республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (72-104 км, Тасқала ауылынан Ресей шекарасына дейін) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды. Жабылу себебі – күшті жел, боран, жолдың дұрыс көрінбеуі. Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК 1 ақпан күні БҚО-ның батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болатынын хабарлады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Орал қаласында да бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындарға сақ болу, алыс жолға шықпау керектігін жеткізді.