Табысы күнкөрісіне жетпейтіндерге баспана жалдау үшін субсидия беріледі
Табысы күнкөрісіне жетпейтіндерге баспана жалдау үшін субсидия беріледі
Фото: yaplakal.com
130
оқылды

Бұдан былай тұрғын үй жалдау субсидиясының бір бөлігі жергілікті бюджеттен төленбек. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй жалдау субсидиясы берілетінін айтты.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар мыналар: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) отбасының жиынтық табысының соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын болуы; 3) тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте кезекке қойылғанын растау; 4) тұрғын үй иесі мен өтініш беруші арасында жасалған шарттың болуы. Төлемдерді тағайындау үшін өтініш беруші банкке ЭЦҚ арқылы: 1) төлемдер тағайындауға өтініш; 2) тұрғын үйді жалдау шартын қоса береді.
«Құқық белгілейтін құжаттар тиісті ақпараттық жүйелерден алынады. Отбасы банк ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді. Мақұлдаған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде жалдау төлемі аударылады», – деді министр.
Бұған дейін зейнет жасына жетпеген жұмыссыздарға субсидия берілетінін хабарлаған болатынбыз.